Қарағанды облысында аз қамтылған отбасындағы балаларға әлеуметтік пакеттер берілді

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысы еліміздегі ең алғашқылардың бірі болып тұрмысы төмен отбасыларының балалары үшін кепілдендірілген әлеуметтік пакеттер бере бастады. Наурыз айының басында Жаңаарқа ауданында 200 балаға осындай көмек көрсетілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жаңаарқа ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мамандарының айтуынша, биылғы жылы 197 отбасының 6 жасқа дейінгі 200 баласы қосымша азық-түлік және тұрмыстық химия өнімдерімен қамтамасыз етіледі.

Динара Бижанова – көп балалы ана. Ол жұбайымен бірге жеті бала тәрбиелеп отыр.

«Бүгін мен әлеуметтік пакет алдым. Онда балаларға қажетті барлық нәрсе бар: жарма, ботқа, үлпек, пюре, сүт және т.б. Бұл көп балалы отбасыларға үлкен көмек деп есептеймін», - дейді Динара Бижанова.

Азық-түлік жиынтығы өз құрамы бойынша балалардың жас санатына байланысты ғана ерекшеленеді (1-ден 3 жасқа дейін және 3-тен 6 жасқа дейін), ал оның құрамы барлық аймақтар үшін бірдей.

Кепілді әлеуметтік пакеттер атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасыларға ғана беріледі.


Соңғы жаңалықтар