Қарағанды облысында ауқымды тұрғын үй құрылысы жүріп жатыр

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданының әкімдігі тұрғын үй жетіспеушілігі мәселесін шешіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ол үшін Ботақарада үлкен құрылыс алаңы ашылды. Жыл соңына қарай аудан орталығында «Жастар» шағын ауданы пайда болады. Мұнда «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша бірден 120 пәтерлік екі қабатты тоғыз үй салынуда.

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбекке Бұқар Жырау ауданына жұмыс сапары барысында тұрғын үй секторын дамыту әлеуеті туралы айтылды.

- Абаттандырудан кейін бұл аудан кенттің ең заманауи және жайлы аудандарының бірі болады. Мұндағы 120 пәтер халықтың әлеуметтік осал топтарынан тұратын отбасыларға арналған, - деді Бұқар Жырау ауданы әкімінің орынбасары Сапар Сатаев. - Желтоқсан айында жаңа қоныстанушыларға пәтер кілтін беруді жоспарлап отырмыз.

Ауданда тұрғын үй кезегінде барлығы 938 адам тұр. Жергілікті билік алдағы жылдарға басым міндеттердің қатарына мүмкіндігінше көп отбасыларды пәтерлермен қамтамасыз етуді қойып отыр.

Сондықтан Бұқар Жырау ауданында болашақ «Жастар» шағын ауданына ұқсас үйлер салу жоспарланып отыр.


Сондай-ақ, қазір орталықта 36 пәтерлі үй және Үштөбе ауылында 54 көпбалалы отбасына арналған тағы бір жалға берілетін үй салынуда. Жыл соңына қарай кезекте тұрған 240 отбасы жаңа пәтерлерге көшуі тиіс.

Жеңіс Қасымбек құрылыс сапасына ерекше назар аударды.

- Егер халықтың әлеуметтік осал топтары үшін тұрғын үй салсаңыздар, онда бір жерде ақаулар жібере салуға болады деп ойламаңыздар! Мұндай жағдайда ерекше тексерулер болады, - деп қорытындылады аймақ басшысы.


Сонымен қатар, Доскей ауылында 90-шы жылдары бос қалған бес қабатты ғимарат қалпына келтірілді. 40 пәтерлік үйді биыл аяқтау жоспарланып отыр. Кентте барлығы тоғыз үй қалыпқа келтірілуі тиіс. Облыс әкімі жөндеу жұмыстарын жалғастыруды тапсырды.

- Жақсы идея! Бұл жөндеу бюджет үшін соншалықты қымбат емес. Жұмысты жалғастыра беріңіздер, - деп тапсырды Жеңіс Қасымбек.

Ал әзірге Бұқар Жырау ауданының тұрғындары көптен күткен пәтер кілттерін күтіп отырғанда, Ботақара кентінде жұмыс істеуге келген жас дәрігерлер баспаналарын алды. Аудандық орталық аурухананың жас мамандары үшін арнайы төрт пәтерлі үй салынды.

- Пәтер жақсы. Маған өте ұнады. Енді осында тұрып, жұмыс істеу маған ерекше ұнайды, - деп атап өтті жас акушер-гинеколог Заңғар Есанпаев.

Жеңіс Қасымбек сондай-ақ «Ауыл - Ел бесігі», «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламаларын іске асыру, сондай-ақ әлеуметтік нысандар құрылысы бойынша жұмыстардың қалай жүргізіліп жатқанын тексерді. Мысалы, Ботақара кентінде 320 орындық дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы басталды. Аяқталу мерзімі - 2021 жылдың күзі.

Сондай-ақ, облыс әкімі аудан басшысы Шағурашид Мамалиновтың Бұқар Жырау ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есебін тыңдады.


Соңғы жаңалықтар