Қарағанды облысында анықталған жаңа 3 жағдай туралы айтылды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Қарағанды облысында коронавирус жұқтырудың жаңадан үш оқиғасы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Пациенттердің үшеуі де әйелдер. Олар карантиндік госпитальға уақытылы орналастырылған. Сыртқы ортамен байланыспаған.

Осылайша, бүгінгі күні Қарағанды облысында коронавирустың 7 расталған жағдайы тіркелді.

Барлық науқастардың жағдайы қанағаттанарлық деп бағалануда.


Соңғы жаңалықтар