Қарағанды облысында аңшы иттер жарысы өтті

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданында құмай тазылардың жарысы өтті. Оған 30-дан астам асыл тұқымды ит қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақтар ежелден тазыны жеті қазынаның бірі деп атаған, өйткені олар қыс қатты болып, жұт келген жылы мал қырылғанда тұтас ауылды аң аулап, асыраған. Иттер қардың қалыңдығына қарамастан, қоянның немесе түлкінің ізін тауып, иісін оңай алады. Сонымен қатар, тазы ыстыққа да, суыққа да төзімді. Біздің жарыс ұлттық дәстүрді жаңғыртуға бағытталған», - дейді жарысты ұйымдастырушылардың бірі Қайсар Сейпішев.

Тазылардың жылдамдығы мен ептілігін қазылар алқасы бағалады. Олар бірінші орынды Сұңқар атты жас аңшы итке берді.

«Менің Сұңқарым екі жаста. Бұл оның үшінші жарысы. Күшік кезінен ол өте белсенді, ізіне түскен аңынан айырылмайды. Менде үш тазы бар. Оларды жарыстарға қатыстыру үшін ұстамаймын. Олар менің ең жақсы достарым», - деді тазының иесі Заңғар Құттыбай.


Соңғы жаңалықтар