+7 (701) 759 90 19
USD 430.69 EUR 518.42
RUB 5.66 CNY 66.17
Jańalyqtar

Қарағанды облысында алимент төлемеген борышкер қылмыстық жауапкершілікке тартылды

2021 жылғы 26 ақпан 14:40
Бөлісіңіз:
Қарағанды облысында алимент төлемеген борышкер қылмыстық жауапкершілікке тартылды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының жеке сот орындаушылары Қарағанды облысы Әділет департаментінің көмегі негізінде алимент бойынша міндеттемелерін орындамаған борышкерлерге қатысты қылмыстық жауапкершілікке тарту шараларын жүзеге асыруда, деп хабарлайды ҚазАқпарат өңір басшысының ресми сайтына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Қорғаныс министрлігі жойғыш ұшақ апатын тексереді Елордада алимент төлемеген борышкер пәтерін баласына берді Қарағанды облысында Нұра өзенінен өтетін көпір салынады

2021 жылғы 8 ақпанда Қарағанды облысы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен борышкер А.Т.Асанов (фамилиясы өзгертілген) Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 139 бабына сәйкес кінәлі деп танылған.

Үкім бойынша борышкердің 1 жылға бостандығы шектеліп, тағайындалған барлық мерзімге пробациялық бақылау қойылып, жаза мерзімі бойында 100 сағат мәжбүрлеп еңбекке тартылған. Аталған үкім 2021 жылдың 23 ақпанынан бастап күшіне енді.

Борышкердің алимент бойынша берешек сомасы 3 250 021 теңгені құраған.

Сотталған борышкер бірнеше жыл бойы кәмелетке толмаған балаларын асырау үшін алимент бойынша өз міндеттерін орындамаған.

Сонымен қатар, 2020 жылы Қылмыстық Кодекстің 139 бабы бойынша 6 борышкер қылмыстық жауапкершілікке тартылған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT