Қарағанды облысында алғашқы көшпелі дәріхана жолға шықты

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысының Ақтоғай ауданында еліміздегі алғашқы көшпелі дәріхана пункті жұмыс істейді. Ауыл тұрғындары онда арзандатылған бағамен дәрі-дәрмек ала алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жылжымалы дәріхана кесте бойынша жұмыс істеп, әр елді мекенді аралайды.

Ақтоғай ауданында бір ғана стационарлық дәріхана бар. Ол орталық аудандық ауруханада орналасқан. Егер бұрын шалғай ауыл тұрғындарына дәрі-дәрмек сатып алу үшін аудан орталығына жол жүруге тура келсе, енді дәріхана оларға өзі келеді.

Жоба «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда.


Соңғы жаңалықтар