Қарағанды облысында аквамәдениетті дамыту орталығы құрылады

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысында аквамәдениетті дамыту орталығы құрылады. Балық шаруашылығын дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы аясындағы жоба Қарасор көлінде жүзеге аспақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне сілтеме жасап.

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі саланы мемлекеттік қолдау аясын кеңейтуде. Министр Мағзұм Мырзағалиев Қарағанды облысына сапары сапары кезінде «Қарағанды бекіре» ЖШС-на барды.

2013 жылы құрылған бұл кәсіпорын жылына 45 тонна тауарлы балық пен 4 тонна уылдырық өндіре алады.

«2020 жылы мемлекет балық өндірісіне бас мән берді. Негізгі басымдықты анықтап, алға нақты міндетті белгіледі. Барлық жақтан қолдау бар. Енді бұл осы кәсіппен айналысамын деушілерге тиімді болмақ», - деді «Қарағанды бекіре» ЖШС бас директоры Дмитрий Баландин.

Министрліктің мәліметінше, еліміздегі балық шаруашылығы жылына 600 мың тонна балық өнідіруге қауқарлы. Бұл көрсеткіштің 25 пайызына 2030 жылы, 45 пайызына 2040 жылы қол жеткізіледі.


Соңғы жаңалықтар