Қарағанды облысында әкім сайлауының барысын 400-ге жуық байқаушы бақылап отыр

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысында ауыл әкімдерін сайлау барысын 400-ге жуық байқаушы мен кандидаттардың сенім білдірген адамдары бақылап отыр. Бұзушылықтар туралы ешқандай мәлімдеме түскен жоқ. Бұл туралы облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Ерқара Аймағамбетов тікелей эфирде өткен брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сайлау учаскелерінде қоғамдық бірлестіктер мен саяси партиялардың байқаушылары, кандидаттардың сенім білдірген адамдары болады. Барлығы - 391 адам. Олардан ешқандай шағым түскен жоқ», - деді облыстық сайлау комиссиясының басшысы.

Аумақтық сайлау комиссияларының мәліметінше, сағат 14:00-де сайлаушылардың келуі 48%-ды құрады.

Ең жоғары белсенділік Ұлытау, Қарқаралы, Осакаров аудандарында байқалады.

Қарағанды облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Әбіл Әбілдиннің ақпараты бойынша, сайлау күні жеке құрам күшейтілген кезекшілік режиміне көшірілді.

Жағдай тұрақты, қоғамдық тәртіпті бұзу анықталған жоқ.

Брифингте облыстың бас санитар дәрігері Юрий Залыгин санитарлық шаралардың қалай сақталатынын айтты.

Кіреберісте келушілердің температурасы өлшенеді. Сайлау комиссияларының мүшелері коронавирустық инфекцияға қарсы екпе алған.

Бақылаушылар мен сенімді өкілдер ПТР-тестілеуден өтті.

Қарағанды облысында 149 елді мекенде әкім сайлауы өтіп жатыр. Оның нәтижесі бойынша 75 әкім сайланады.


Соңғы жаңалықтар