Қарағанды облысында агрөнеркәсіп кешенін дамытуға бағытталған 250 млн теңге жымқырылған

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Қаржы министрлігі Қаржылық мониторинг агенттігінің Қарағанды облысы бойынша аумақтық департаменті Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бойынша бөлінген бюджет қаражатын жымқыру дерегінің жолын кесті.

Тергеу мәліметтері бойынша, 2018-2020 жылдары Қарағанды облысының жеке кәсіпкерлерінің бірі өңірдің 68 шаруа және фермерлік қожалықтарының атынан күн сәулесі панельдерінің (батареяларының) жиынтығын сатып алуды инвестициялық субсидиялауға өтінім берген.

Бұл ретте, кәсіпкер шаруа қожалықтарына күн сәулесі батареяларының әрбір жиынтығы үшін 3,1 миллион теңге артық құнмен сату туралы жалған шарттар жасасқан. Яғни субсидия сомасы жасанды түрде өсірілген.

«Жеке кәсіпкер негізсіз алған субсидиялардың жалпы сомасы 253 миллион теңгеден асады. Қазіргі уақытта бекітілген айыптау актісімен қылмыстық іс сотқа жолданды»,-делінген ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.


Соңғы жаңалықтар