Қарағанды облысында 70 шақырымнан астам су құбырлары салынады

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Жезқазғанда қала тұрғындары үшін маңызды мәселе шешімін тапқалы тұр. Жақында Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үйтас-Айдос суағарын қайта жаңарту басталады.

Бірінші кезең бойынша жобалық-сметалық құжаттама дайын және қазір мемлекеттік сараптамадан өтуде. Бұл туралы Энергетика және Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ұлантай Үсенов мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұлантай Үсеновтың айтуынша, жобаны қаржыландыру мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алғаннан кейін жүргізіледі. Биыл жұмыс басталуы тиіс. Су тартқышты қайта жаңартқаннан кейін Жезқазғандағы ауыз судың сапасы айтарлықтай жақсарады.

Облыс қалаларында биыл барлығы 72,87 км су құбыры желісін салу және қайта жаңарту жоспарлануда.

Қарағандыда «Екінші аймақ» станциясынан жаңа қала желісіне дейін су құбыры жаңартылады. Сонымен қатар, Сұрыптаудағы Жұмысшы кенті Үлкен Михайловка тұрғындары орталық сумен қамтамасыз етіледі. Сахалин кентінде және мұнай базасы ауданында суағарлар салу үшін ЖСҚ әзірленуде.

Мамыр айында Балқаштағы қалаішілік желілерді қайта жаңарту басталады.

Теміртау мен Қаражалда жобаларды іске асыру жалғасады.

Қарқаралыдағы Жарлы су таратқышын қайта құру басталды. Мердігер техниканы жұмылдырып, құрылыс материалдарын объектіге жеткізумен айналысып жатыр. Жобаны аяқтау 2023 жылға жоспарланып отыр. Қарқаралы тұрғындары да тұрақты және сапалы сумен қамтамасыз етіледі.

Осы жылы қалаларда сапалы сумен жабдықтау қызметтеріне қолжетімділік көрсеткішін 98,8%-ға дейін жеткізу міндеті тұр.

Ауылдық елді мекендерде 2022 жылы 112,5 км су құбыры және кәріз желілерін салу және қайта жаңарту жоспарланған.

Бұқар Жырау ауданында жеті жоба аяқталады. Биыл орталық сумен қамтамасыз етуге Асыл, Қызылжар, Сарытөбе, Жаңаталап ауылдарының тұрғындары қол жеткізе алады. 2023 жылы Ботақара суағарын толығымен жаңарту, сондай-ақ Қушоқы мен Самарқандтағы нысандарды пайдалануға беру жоспарланып отыр.


Соңғы жаңалықтар