+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Қарағанды облысында 40 оқу орталығы жұмысшыларды дайындайды

2021 жылғы 24 маусым 15:16
Бөлісіңіз:
Қарағанды облысында 40 оқу орталығы жұмысшыларды дайындайды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысында жұмысшы кадрлардың жетіспеушілігі мәселесі оқу орталықтарының көмегімен шешілуде. Курс түлектері кәсіпорындарға жұмысқа орналастырылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінде өңірде 1 605 кәсіпкерлік нысанында жұмысшылар тапшы. Кадрларға деген қажеттілікті жабу үшін Қарағанды облысы Кәсіпкерлер Палатасының қолдауымен 40 оқу орталығы ашылды. Олардың көпшілігі бизнес нысандары негізінде жұмыс істейді. Мұндай курстардың танымалдығы артып келеді. Егер өткен жылы 800 адам өтсе, бес ай ішінде бұл орталықтар 739 адамды оқытып шығарды», – деп хабарлады өңірлік кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі.

Палата басшысы Ернар Күлпейісовтің айтуынша, түлектердің 80%-дан астамы жұмысқа орналасты.

«Жыл сайын Кәсіпкерлер Палатасы мониторинг жүргізеді, ол нарықтағы кадрлардың қажеттілігін анықтайды. Бүгінде ол шамамен 2 600 адамды құрайды. Құрылысшылар, ауыл шаруашылығы мен жеңіл өнеркәсіп саласының қызметкерлері, сондай-ақ бастауыш сынып мұғалімдері мен тәрбиешілер қажет», – дейді ӨКП жанындағы Адами капиталды дамыту бөлімінің бастығы Қарлығаш Оспанова.

Білім басқармасы мектеп түлектері арасында жұмысшы мамандықтарға деген қызығушылықтың артып келе жатқанын атап өтті.

Мысалы, Қарағанды техника-құрылыс колледжінде 700-ден астам адам білім алуда. Ең танымал бағыттар – сәулет және құрылыс.

«Бізде жақсы оқу базасы, ең заманауи жабдықтар бар. Орта техникалық мамандықтарға сұраныс бүгінде өте жоғары. Кәсіпорындардан мамандарды таңдау туралы көптеген өтініштер келіп түседі», – деді Қарағанды техника-құрылыс колледжі директорының м. а. Әйгерім Кешубаева.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT