Қарағанды облысында 17 жаңа лифті орнатылды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Жыл басынан бері Қарағанды облысында 17 жаңа лифт орнатылды. 3 жыл аралығында барлығы 361 жедел сатыны ауыстыру жоспарланып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Биыл және келесі жылы Қарағанды облысында 120 жедел саты орнатылмақ, ал 2022-ші жылы –121 лфті жаңартылады.

Естеріңізге сала кетейік, өңірде өткен жылдан бастап лифті орнату бойынша ауқымды бағдарлама басталған болатын. Қарағанды облысының әкімдігі мен «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ пилоттық жобаны іске қосу туралы арнайы меморандумға қол қойды. Келісім аясында Қазақстандық ТКШ жаңғырту және дамыту орталығы 2 миллиард теңге көлемінде несие берді.

Үйде лифт орнату үшін тұрғындар жиын өткізеді. Оларға бағдарламаға қатысу тәртібі түсіндіріледі. Егер көпшілігі жедел сатыны жаңартуға келісетін болса, онда тұрғын үй лифт шаруашылығын жаңарту бойынша пилоттық жобаға алынады.

Бүгінге дейін Қарағандыда (қала, Оңтүстік-Шығыс, Майқұдық) және Теміртауда 17 лифт ауыстырылды.


Соңғы жаңалықтар