Қарағанды облысында 123 мың адам коронавирусқа қарсы вакцина алды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – 4 мамырдағы жағдай бойынша Қарағанды облысында 123 671 адам коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинаның бірінші компонентін алды. Екінші доза аймақтың 21 904 тұрғынына егілді. Бұл ретте облыс бұрынғысынша «қызыл» аймақта қалып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Гамаль Тоқсамбаев эпидемиологиялық жағдай туралы айтып берді.

Қарағанды облысында күн сайын коронавирустық инфекцияны жұқтырудың 200-ден 250-ге дейін жағдайы тіркеледі. Пандемия басталғаннан бері аймақта 24 мыңнан астам адам КВИ-мен ауырды.

Үй ошақтарында инфекцияның таралуының алдын алу үшін тәулік бойы бақылауға барлық жұқтырған пациенттер алынады. Олардың арасында асимптоматикалық және аурудың жеңіл ағымы бар адамдар бар. 288 мобильді бригаданың қызметкерлері пациенттердің жағдайын бақылайды, сондай-ақ алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетеді.

«Біз 4 819 төсек-орынды консервацияладық, оның ішінде 1 667-сі жұмыс істейді. Жан сақтау бөлімшелерде 72 қарағандылық бар. Көбінесе бұл 65 жастан асқан адамдар», – деп хабарлады Гамаль Тоқсамбаев.

Вакцинация науқаны облыста 1 ақпаннан бастап басталды. Барлық қалалар мен аудандарда 115 иммундау кабинеті жұмыс істейді. Жұмыс күндері жұмыс істейтін сегіз ірі сауда орталығында егу кабинеттері ашылды.

Облыс тұрғындарын Қарағанды фармзауытында ресейлік технология бойынша өндірілетін «Спутник V» және қазақстандық QazVac препаратымен вакцинациялайды. Сондай-ақ, аймаққа қытайлық Sinopharm вакцинасы келді.

«Барлық қажетті сақтық шараларын сақтаңыздар. Вакцинация салғызу қорғаныс кепілі. Иммундау ерікті және тегін жүргізіледі» – деді Гамаль Тоқсамбаев.


Соңғы жаңалықтар