+7 (701) 759 90 19
USD 375.87 EUR 406.24
RUB 5.84 CNY 53.45
Jańalyqtar

Қарағанды облысында 1,5 мың жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды

2020 жылғы 28 қаңтар 11:33
Бөлісіңіз:
Қарағанды облысында 1,5 мың жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қарағанды облысының прокуратурасы жер заңнамасының сақталуын тексерді, деп хабарлайды облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар
Павлодар облыстық Мемкірістер департаментінің бұрынғы басшысы 11 жылға сотталды Алматы облысында 257 азаматтың жалақы бойынша берешегі өтелді Прокуратура «Қара касса» ойынын алаяқтық әрекет деп бағалады

Өңірдің қадағалаушы органы жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, Елбасының пайдаланылмайтын жерлерді мемлекет меншігіне қайтару туралы тапсырмасын орындау бойынша жұмыстар атқаруда.

Жалпы алаңы 1,3 млн. гектардан астам 2,6 мыңға жуық пайдаланылмайтын жер және 62 мыңнан астам тіркелмеген жер учаскесі анықталды.

31 мыңға жуық учаскеде оларға құқық меншігі заңды түрде тіркелмеген жылжымайтын мүлік объектілері пайдаланылады.

Қабылданған шаралардың арқасында жалпы алаңы 840 мың гектар құрайтын 1,5 мың жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылып, оларды игеру жұмыстары жүргізілуде.

1,5 мың учаскенің және 800-ден астам жылжымайтын мүлік объектісінің құжаттары тиісті түрде рәсімделіп, құқық меншігі тіркелді.

429 тұлғаға айқындалған құқықбұзушылықтарды жою туралы ұйғарымдар табысталды.

Сонымен қатар, облыс прокуратурасының бастамасы бойынша, игерілмей жатқан жер учаскелерін айқындап, мемлекетке қайтару үшін мониторинг жүргізетін жұмыс топтары құрылды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT