Қарағанды облысы өзендерінде мұз жару жұмыстары жалғасуда

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Су тасқынына қарсы алдын алу іс-шаралары аясында Қарағанды облысының өзендерінде мұзды жару жұмыстары жалғасып жатыр. Іс-шаралар көктемгі сең жүру кезеңінде кептеліс құбылыстарының алдын алу және тасқын сулардың апатсыз өтуін ұйымдастыру мақсатында жүргізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

6 сәуірде жарылыс жұмыстары Абай ауданының Самар ауылдық округіндегі Нұра өзенінде жүргізілді. Мұзды ұсақтау жалпы ауданы 500 шаршы метрді құрады .

Бүгін Қарқаралы ауданындағы Қарасор көлінде жарылыс жұмыстары жоспарланып отыр .

Сондай-ақ Ақтоғай ауданындағы Ақтас өзенінде және Бұқар жырау ауданындағы Нұра өзенінде мұзды бұрғылау және кесу жұмыстары жүргізілді.

Қазіргі уақытта облыс бойынша су тасқыны жағдайы тұрақты және бақылауда. Ал 20 наурыздан бастап облыстық су тасқынына қарсы жедел штаб құрылды.



Соңғы жаңалықтар