Қарағанды мектептерінде инклюзивті кабинеттер көбейеді

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында инклюзивті білім беруді дамытуға көп көңіл бөлінеді. Ерекше балаларға бірдей және жайлы жағдай жасауға тырысады. Мектептерде инклюзия кабинеттері арнайы заманауи жабдықтармен жабдықталған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Биылғы оқу жылында «Әрбір бала мектепке лайық» республикалық жобасы аясында «Болашақ» корпоративтік қорының қолдауымен Қарағанды қаласының екі мектебінде инклюзивті білім кабинеттері ашылды. Ерекше білім беру қажеттілігі бар әрбір оқушыда тьютор бар, ол оны барлық сабақта және үзілісте сүйемелдейді. Мұғалімдермен және құрдастарымен өзара іс-қимыл жасауына көмектеседі.

«Дара» қайырымдылық қорының қолдауымен Қарағанды қаласының №25 және 36 мектептерінде инклюзивті білім бойынша ресурстық орталықтар ашылды. Мұнда педагогтар қажетті әдістемелік көмек алады. Кеңес алуға ерекше балалардың ата-анасы жүгіне алады.

Облыс орталығындағы төрт мектепте инклюзивті білім кабинеттері бюджет қаражаты есебінен жабдықталған. Олардың барлығы заманауи стандарттарға сай келеді. Кабинет төрт аймақты қамтиды: жалпы сабақтар, жеке сабақтар, сенсорлық жеңілдету және мұғалім бұрышы.

«Бүгінгі таңда Қарағандыда сегіз инклюзивті кабинет жұмыс істейді. 2020-2021 оқу жылының басына қарай тағы жетеуін ашуды жоспарлап отырмыз», - деп хабарлады қалалық білім бөлімі.

Соңғы жаңалықтар