+7 (701) 759 90 19
USD 426.32 EUR 496.24
RUB 6.04 CNY 66.74
Jańalyqtar

Қарағанды медуниверситетінің клиникасында мультиспиральды томограф орнатылды

2021 жылғы 24 қыркүйек 02:33
Бөлісіңіз:
Қарағанды медуниверситетінің клиникасында мультиспиральды томограф орнатылды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды медицина университетінің клиникасында ең аз сәулелік жүктемемен заманауи компьютерлік томограф орнатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Эпидахуалды бағалау матрицасы: Атырау облысы «жасыл» аймаққа өтті Өткен тәулікте Қазақстанда 1732 адамнан коронавирус анықталды Қазақстанда жылына 150 адамның жүрегін ауыстыру қажет - Юрий Пя

Мультиспиральды компьютерлік томограф салмағы 205 келіге дейінгі пациенттерді тексеруге мүмкіндік береді.

Бұл жағдайда радиациялық жүктемелер пациенттің күнделікті рентгенография кезінде алатын жүктемелеріне жақын.

Жаңа қондырғыда тегін диагностикадан медициналық мекеменің стационарлық пациенттері, онкологиялық квоталары бар тұрғындар және МӘМС шеңберінде өте алады.

Сондай-ақ, томография ақылы негізде қол жетімді.

«Жабдықты «Шеврон« компаниясы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бастамашылық еткен пандемиямен күресте Қазақстанға гуманитарлық көмек көрсету жөніндегі кең ауқымды бағдарлама шеңберінде сатып алды. Мұндай компьютерлік томографтар еліміздің алты медициналық ұйымы үшін сатып алынды», – деді клиникада.

Қарағанды облысында қазір барлығы 26 компьютерлік томография кабинеті бар. Бірақ жаңа құрылғы - техникалық мүмкіндіктері бойынша ең заманауи.

«Бұрын өңірде балаларды тексеруде қиындық туындаған, ол үшін анестезияны қолдану талап етілді. Жаңа құрылғы бұл мәселені шешеді. Ол өте жылдам. Зерттеу аз уақыт алады. Сондай-ақ, жаңа кабинет қалған кабинеттердің жүктемесін жеңілдетеді және Қарағанды қаласы Октябрь ауданының тұрғындарына медициналық көмекті қолжетімді етеді», – деп атап өтті денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бибігүл Төлегенова.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Агата Мухамеджанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT