+7 (701) 759 90 19
USD 426.99 EUR 514.35
RUB 5.72 CNY 65.96
Jańalyqtar

Қарағанды Медуниверситетінде вакцинация орталығы ашылды

2021 жылғы 12 сәуір 03:35
Бөлісіңіз:
Қарағанды Медуниверситетінде вакцинация орталығы ашылды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды Медицина университетінде құрылған вакцинация орталығында ЖОО оқытушыларын, қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелерін егу жүргізілуде. Вакциналау пункті Бастапқы медициналық-санитарлық көмек қалалық орталығының қолдауымен ашылды. Бүгінгі таңда 50-ден аста адам егілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Әзербайжанда жаппай вакциналау басталды Алматыда демалыс және мереке күндері вакцина салу жалғасады Батыс Қазақстанда 52 мыңнан астам адам коронавирусқа қарсы екпе салдырды

Қарағанды фармацевтикалық зауытында өндірілген «Гам-КОВИД-Вак» (Спутник V) векторлық вакцинасының бірінші компонентін 50 адамнан құралған қызметкерлер тобы алды. Науқанға қатысуға шешім қабылдаған қалған әріптестер де жоспарлы түрде егілетін болады.

«Вакцинация – жұқпалы аурулардың, соның ішінде коронавирустың алдын алудың ең тиімді әдістерінің бірі. Вакцинаның арқасында адам иммунитетке ие болады, Covid-ке сезімтал болмайды немесе вакцинациядан кейін ол дертті жеңіл өткереді. Сонымен қатар, вакцинация індеттің ауыр түрлері мен асқынулардың алдын алуға көмектеседі», - дейді медицина ғылымдарының докторы, профессор, «Қарағанды медицина университеті» КЕАҚ клиникалық жұмыс жөніндегі проректоры Бақыт Көшерова.

Вакцинаның бірінші компонентін медицина ғылымдарының докторы, профессор Бибігүл Әбеуова алды. Ол бұл шешімді қазіргі уақытта «қызыл» аймаққа еніп отырған Қарағанды облысындағы қолайсыз ахуалға байланысты қабылдаған.

«Мен вакцинациядан өттім. Себебі мен ауырғым келмейді. Бүгінгі күні коронавирус инфекциясынан қорғаудың басқа сенімді әдісі жоқ. Өзіңді жұмыс істейтін адаммен қарым-қатынастан қорғау мүмкін емес, әсіресе біз, емханаларда пациенттерді қабылдайтын дәрігерлер, сондай-ақ ауруханаларда жұмыс істейтіндер. Өзімді керемет сезінемін. Вакцинацияға ең бастысы, оң көзқараспен келу керек деп есептеймін, сонда бәрі жақсы болады», - дейді Бибігүл Әбеуова.

Егу алдында барлығы міндетті түрде сауалнама толтырады. Сондай-ақ вакцинациядан кейін өзін қалай ұстау керектігі және әлсіздік, дене қызуының көтерілуі секілді белгілер пайда болған жағдайда қайда жүгіну керектігі туралы толық ақпарат берілген жадынама ұсынылады.

Вакцинация алдында университеттің әрбір қызметкері жіті аурулардың және қарсы көрсетілімдердің жоқтығына көз жеткізу үшін мұқият тексерілді. Медициналық тексеруге дене температурасын, қан қысымын, сатурацияны өлшеу кіреді.

Вакциналаудан кейін әрқайсысы тағы 30 минут дәрігердің бақылауында болды. Университет қызметкерлері вакцинаның екінші дозасын 21 күннен кейін алады. Бір тәулік қалғанда олардың ұялы телефонына вакцинаның екінші компонентін алу күні мен уақыты туралы СМС-хабарлама келеді.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Агата Мухамеджанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT