Қарағанды мәслихатының депутаттары: Біз әрдайым жас ұрпаққа қолдау көрсетуге дайынбыз

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды жастары қаланың қоғамдық кеңес мүшелері, мәслихат депутаттарымен кездесіп, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 11 қаңтар күні «Қасіретті қаңтар» сабағы: Қоғам тұтастығы – тәуелсіздік кепілі» тақырыбында Парламент Мәжілі­сінің отырысында сөйлеген сөзін талқылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарағандының «Good zone» коворкинг-орталығында кәсіпкер, қаланың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңесінің мүшесі Нұрлан Әубәкіров, «OPTIMUS» ЖШС директоры, Қарағанды қалалық мәслихатының депутаты Марина Платонова, ҚР ІІМ Қарағанды академиясы бастығының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары Олжас Сейтжанов Қарағанды қаласының жастарымен кездесті. Кездесудің мақсаты - жастармен еркін қарым-қатынас барысында пікір алмасу, қызықтыратын сұрақтарға жауап алу.

Кездесуде халық қалаулылары мен спикерлер ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Парламент Мәжілісінде «Қоғамның бірлігі - Тәуелсіздіктің кепілі» тақырыбында сөйлеген сөзіндегі қозғаған бастамаларға, Отанға деген патриоттық сезім, кәсіпкерлікті дамыту және жастарды әскери қызметке шақыру туралы назар аударды.

«Бүгінде жастар өздерін қоғамды басқаруға дайындауы керек. Ал бұл үшін терең білім мен тәжірибе қажет. Мемлекет басшысы қойған міндеттерді шешу – жастардың борышы. Ал біз әрдайым жас ұрпаққа қолдау көрсетуге дайынбыз», - деп атап өтті депутаттар мен спикерлер.

Еркін әңгімелесу барысында жастар өз өмірлері, жұмыстары және жоспарларымен бөлісіп, ұсыныстар мен тілектерді тыңдады.

Соңында спикерлер жастарға қаланың қоғамдық-саяси өміріне белсенді қатысқаны үшін алғыс білдірді.


Соңғы жаңалықтар