Қарағанды маңында жол апатынан бір адам зардап шекті

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандының маңында үш автокөлік соқтығысты. Апат салдарынан бір көліктің жолаушысы зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

21 қараша сағат 9.22 шамасында «Дубовка кенті - Қарағанды қаласы» автожолында «ВАЗ 2114» автокөлігінің 19 жастағы жүргізушісі Қарағанды қаласы бағытында келе жатқан, 43 жастағы жүргізуші тізгіндеген «Хюндай» жүк автокөлігімен соқтығысқан.

Апат салдарынан жүк көлігі аударылып, өтіп бара жатқан «Ауди» көлігіне соғылған.

Алдын ала мәлімет бойынша, «ВАЗ 2114» автокөлігінің жас жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен.

«Жол апаты салдарынан «Ауди» автокөлігінің жолаушысы түрлі жарақатпен медициналық мекемеге жеткізілді. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды, тергеу жүргізілуде» деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.



Соңғы жаңалықтар