Қарағанды қылмыстық топ интернетте автобөлшек іздеген тұрғындардан 4 млн теңге алдап алған

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Интернет арқылы автобөлшек іздеген адамдарды алдап, 4 млн теңгеден астам жымқырған қарағандылық жігіттер сот үкімімен бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ішкі істер министрлігі Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов ведомствоның ақпарат алаңында осындай мәлімет айтты.

«Қарағанды облысында 20-25 жас аралығындағы жігіттерден құралған топ қазақстандық интернет-сауда алаңдарында автобөлшектер сатылатыны туралы жалған жарнама жариялап отырған. Салдарынан 23 азамат зардап шекті. Келтірілген материалдық шығынның көлемі 4 млн теңгеден асады. Бұл іс бойынша сот үкімі шықты. Кінәлілер 2,5 жылдан 3,5 жылға дейін бас бостандығынан айырылды», - деді Тергеу департаментінің бастығы.

Еске салсақ, осыған ұқсас алаяқтық әрекеті үшін Жамбыл облысының тұрғыны 3,5 жылға сотталған болатын. Ол Instagram арқылы 40-тан астам адамның ақшасын иемденіп кеткен.


Соңғы жаңалықтар