Қарағанды фармацевтика кешені «Спутник V» вакцинасының 5 млн дозасын жасап шығарды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды фармацевтика кешені «Спутник V» вакцинасының 5 млн дозасын шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат кешеннің Telegram парақшасына сілтеме жасап.

Қарағанды фармацевтикалық кешені ел азаматтарын вакциналау үшін «Спутник V» препаратының 5 млн дозасын жеткізу бойынша міндеттемесін уақытында орындады.

Сөйтіп коронавирусқа қарсы ресейлік ғылыми-зерттеу орталығының препаратын шығару және жеткізу бойынша жаңа міндеттеме алды.

ҚФК мен СҚ-Фармация арасында азаматтарды вакциналау үшін тағы «Спутник V» екпесінің 2 млн дозасын жеткізу туралы келісім жасалды.

Шартты орындау мерзімі - 2021 жылғы тамыз-қыркүйек айлары.

Келісімшарт талаптары бастапқы кезеңдегідей (ҚР 5 млн дозамен қамтамасыз ету) толық көлемде сақталады.


Соңғы жаңалықтар