Қарағанды академиясында полицейлерді патриоттыққа тәрбиелейтін курстар басталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ІІМ Қарағанды академиясында полицейлерді патриоттық-отансүйгіштік рухқа тәрбиелейтін курстар басталды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі өткізген онлайн брифингіде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қатысушылар Академияның оқу-саптық бөлімшелерінің офицерлері, олар курсанттар үшін тәлімгер болады.

«Жиындарда тыңдаушылар идеологиялық жұмыстың заманауи әдістерін зерделейді, полицейлердің кәсіби деформациясы мәселелерін және оны шешу жолдарын талқылайды, жастарға патриоттық тәрбие беру әдіснамасын қарайды», - дейді ҚР ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз.

Оның айтуынша, оқытудың бұл форматы офицерлерге ұжымды басқару саласындағы заманауи құралдарды игеріп, және іс жүзінде қолдануға, тәрбие процесінің менеджменті, адами қатынастар психологиясы мен конфликтология туралы білімдерін нығайтуға мүмкіндік береді.


Соңғы жаңалықтар