Қапшағайда жедел жәрдем қызметкерлері коронавирус жайлы жалған ақпарат таратқан

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Қапшағайда жедел-жәрдем қызметінің көлік жүргізушілері коронавирус жайлы жалған ақпарат таратты. Қазір екі азаматтың үстінен қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облыстық Полиция Департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 29 қаңтар күні «Ватсап» желісі арқылы екі адамның коронавирус індетін жұқтырды деген күдікпен түскендігі жөнінде ақпарат тараған. Құзырлы орган ақпаратты тексергенде бұл хабарламаның жалған екені анықталған.

«Жедел-іздестіру барысында екі күдікті ұсталды. Олар Қапшағай қаласының полиция бөлімшесіне жеткізілді. Екеуі де жергілікті ауруханадағы жедел-жәрдемнің көлік жүргізушісі болып жұмыс істейді. Екі ер азаматқа жалған ақпарат таратуына не түрткі болғаны тергеу барысында анықталады», деп мәлімдеді аталған ведомствоның баспасөз қызметінен.

Қазір екі күдікті жалған ақпарат таратқаны үшін ҚР ҚК 274-бабының 1-тармағына сәйкес заң алдында жауапқа тартылады. Істі Қапшағай қаласының тергеушілері жүргізіп жатыр. Тергеу барысында ұсталған күдіктілер арнайы қолхатпен жіберілген.


Соңғы жаңалықтар