Қапшағайда жалған полицей ұсталды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Қапшағайда жалған полицей ұсталды. Ол ішкі істер органдарында жұмыс істеймін деп өзгенің 737 мың теңге ақшасын иемденіп алған, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Қапшағай қаласының полициясына 21 жастағы тұрғыннан арыз түскен. Ол өзін полицеймін деп таныстырған ер адамның сеніміне кіріп, ақша алғанын жеткізген. Бірақ қаражатты қайтармағандықтан, ол полицияға арызданған.

Жедел іздестіру кезінде 23 жастағы күдікті ұсталды.

Қазір оның үстінен ҚР ҚК 190 бабы 1 бөлігі яғни, «Алаяқтық» бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. Тәртіп сақшылар оның не себепті өзін полицеймін деп таныстырып, қандай мақсатпен ақша алғанын, сонымен қатар өзге қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтап жатыр»,- делінген Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.

Департамент ұсталған адамның полиция қызметкері емес екенін және оның бұл жұмысқа мүлдем қатысы жоқ екенін мәлімдеді.

«Тергеу барысында анықталғандай күдікті жәбірленушінің сеніміне кіріп, 737 мың теңге ақшасын иемденіп алғаны анықталды. Жәбірленуші дер кезінде полицияға шағымданғандықтан күдікті дер кезінде ұсталды»,- деп толықтырды аталған ведомствоның баспасөз қызметі.


Соңғы жаңалықтар