+7 (701) 759 90 19
USD 425.3 EUR 501.05
RUB 5.85 CNY 65.88
Jańalyqtar

Қапшағай жағалауындағы қаптаған туристер видеоға түсіп қалды

2021 жылғы 7 шілде 20:18
Бөлісіңіз:
Қапшағай жағалауындағы қаптаған туристер видеоға түсіп қалды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Қапшағай жағалауындағы туристердің көптігі видеоға түсіп қалды. Осы жайтқа байланысты облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы халыққа ескерту жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ақтөбеде үйлену тойлары мен сауық кеші тоқтамай тұр Алматыда «қызыл» мәртебесі бар 235 адамға айыппұл салынды Алматыда карантин талабын бұзған 26 мекеме анықталды

«Демалыс күндері Қапшағай қаласының су қоймасында адам көп жиналғаны байқалды. Жергілікті атқарушы орган жанындағы мониторинг топтары демалыс үйлерінде түсіндіру жұмысын жүргізді және аурудың таралуына жол бермеу, алдын алу туралы ескертті»,- делінген аталған ведомство таратқан хабарламада.

Сондай-ақ мекеменің баспасөз қызметі демалыс орындарында карантин талаптары қалай сақталуы тиіс екенін еске салды.

«Қазақстан Республикасы бас мемлекеттік санитария дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының негізінде 17-қосымшамен санаторлық-курорттық мақсаттағы объектілерге, демалыс үйлеріне қойылатын шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңіне талаптар бар.

Бұл - COVID-19 бойынша профилактикалық іс-шаралар қатаң сақталуы, сондай-ақ адамдар көп жиналатын жерлерде, қозғалыс қарқындылығы байқалатын ресепшн алдында еденге белгілер қойылады немесе шектеу тіректері арқылы әлеуметтік қашықтық аймақтары айқындалады, бұдан басқа санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауға жауапты адам тағайындалады. Оның міндетіне температураны өлшеу, персоналға нұсқама беру, жеке қорғаныс құралдарын уақтылы ауыстыру, дезинфекциялау, жуу және антисептикалық құралдардың қажетті қорын қадағалау, нұсқама журналын жүргізу, маскалар, респираторлар, жабдықтарды өңдеу, үй-жайларды жинау сияқты талаптарды қатаң сақтау кіреді»,- деп толықтырды аталған ведомствоның баспасөз қызметі.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT