Қапшағай тұрғындары 3 балдық жер сілкінісін сезінді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы облысыныңи аумағында болған жер сілкінісін (3 балдық) Қапшағай қаласының тұрғындары сезінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «СТӘЭ» ММ-не сілтеме жасай отырып.

Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Сейсмологиялық тәжірибелік әдістемелік экспедициясы» мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі 8 сағат 50 минутта зілзала ошағы Қазақстан аумағында Алматы қаласынан солтүстікке қарай 75 шақырым қашықтықта орналасқан жер сілкінісін тіркеді.

Нақты деректер бойынша, зілзаланың энергетикалық қуаты 10.3.  Магнитудасы 4.5 MPV. Зілзала ошағының координаттары  43.87° с.е. 77.05° ш.б.  Тереңдігі 20 км. Жер сілкінісінің сезілгендігі туралы (МSК-64 бағаны бойынша) мәлімет:  Қапшағай қаласында 3 балл.

Соңғы жаңалықтар