Қапшағай маңында 4,9 балдық жер сілкінісі болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қапшағай маңында жер сілкінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаментінің ресми сайтына сілтеме жасап.

ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ 18 тамызда Алматы уақытымен 09 сағат 12 минут 13 секундта жер сілкінісін тіркеді.

Зілзала ошағы Алматыдан солтүстікке қарай 78 шақырым жерде, Қапшағай қаласының маңында орналасқан. Жер сілкінісіні энергетикалық санаты – 9.6. MPV магнитудасы - 4.9. Тереңдігі - 20 км.

Сезілгені туралы мәлімет (МSК-64 шкаласы бойынша): Қапшағайда 2-3 балл.

«Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті осы ақпаратты алғаннан кейін жергілікті атқару органдарына, төтенше жағдайлар бөлімшелеріне, полиция департаментіне, прокуратураны және басқа ұйымдарға хабар береді. Ғимараттардың қирауы немесе құрбан болғандар туралы ақпарат жоқ», - деп мәлімдеді Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар