Қапшағай қаласының әкімі ауысты

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Алматы облысы əкімінің өкімімен Нұрлан Орынбасарұлы Құматаев Қапшағай қаласының əкімі болып тағайындалды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Нұрлан Құматаев 1970 жылы туған. Алматы мемлекеттік медицина институтын стоматолог дəрігер, Қазақ мемлекеттік заң академиясын заңгер, Шет тілдер жəне іскерлік карьерасы университетін экономика бакалавры мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын Алматы қаласындағы №4 стоматологиялық емханасының стоматолог дəрігері болып бастаған. Əр жылдарда Іле ауданы Жетіген ауылдық округі əкімінің орынбасары, Іле ауданы əкімі аппараты Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің бас маманы, Іле ауданы Байсерке ауылдық округі əкімінің орынбасары, Іле ауданы əкімі аппараты Шағын жəне орта бизнес, Жұмыспен қамту жəне əлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің бастығы болды.

2016 жылдың ақпанынан осы уақытқа дейін Іле ауданы əкімінің орынбасары қызметін атқарды.

Айта кетейік, Алматы облысы əкімінің өкімімен Талғат Қанатұлы Қайнарбеков басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қапшағай қаласының əкімі лауазымынан босатылды.


Соңғы жаңалықтар