Қапшағай қаласына Дінмұхамед Қонаев есімін беру ұсынысы бірауыздан мақұлданды

None
None
ҚАПШАҒАЙ. ҚазАқпарат - Қапшағай қалалық мәслихаты тұрақты комиссиясының отырысы өтті. Онда қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Бибігүл Шайкенованың Қапшағай қаласына Дінмұхамед Қонаев есімін беру мәселесі жөніндегі баяндамасы тыңдалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шайкенова қала әкімінің атына «Қамқор жүрек» және «Қапшағай, самға» мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері, көпбалалы аналарды «Ана сәулесі» қоғамдық бірлестігі, Қапшағай қалалық «Семей полигоны» қоғамдық бірлестігі, Қапшағай қалалық «Қапшағай қалалық полигоны» қоғамдық бірлестіктері сияқты түрлі үкіметтік емес ұйымдар мен AMANAT, «Ақ жол» партияларынан Қапшағай қаласын Дінмұхамед Қонаев деп атау туралы бастама қолдаухат келіп түскенін мәлімдеді.

Дауыс беру қорытындысы бойынша Қапшағай қаласын «Дінмұхамед Қонаев«деп қайта атау туралы бірауыздан шешім қабылданды.

Айта кетейік, жария тыңдаудың хаттамасы жергілікті атқарушы және өкілді органдардың интернет-ресурстарында және «Нұрлы өлке» газетінде жарияланды.


Сурет: voxpopuli.kz
Соңғы жаңалықтар