Қаңтардағы ҰБТ: Елімізде 95 мыңнан астам түлек тест тапсыруға өтініш берген

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 16-20 қаңтар аралығында ел жастары ұлттық бірыңғай тестілеуден өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Білім және ғылым министрлігінің Telegram парақшасына сілтеме жасап.

Ұлттық бірыңғай тестілеу еліміздің барлық аймағындағы 99 тест тапсыру орнында өткізілуде.

«ҰБТ-ға қатысу үшін құжат қабылдау 2019 жылғы 1-15 желтоқсанда бірыңғай ақпараттық жүйе арқылы жүзеге асырылды. Нәтижесінде 2020 жылғы 16-20 қаңтар аралығында ҰБТ-ға қатысуға 95 мыңнан астам адам өтініш берді» делінген хабарламада.



Соңғы жаңалықтар