Қаңтар өлім-жітім көп болатын ай ретінде белгіленді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қаңтар өлім-жітім көп болатын ай ретінде белгіленді.

Осы кезеңде әрдайым өлім оқиғаларының өршуі  тіркеледі. Біріншіден, жыл басы - психика үшін әрқашан ауыр сынақ болып табылады. Онымен қоса, қаңтарда жылдың ең депрессивті күні бар - ол айдың үшінші дүйсенбісі, деп хабарлайды ҚазАқпарат Росбалт-қа сілтеме жасап.

Сондай-ақ, өлім-жітімге ауа райы мен иммунитет ықпал етеді. Онымен қоса, көптеген науқас адамдар туған-туыстарымен мүмкін соңғы рет қауышу үшін және олармен мерекені соңғы рет атап үшін Жаңа жылға дейін «шыдауға» тырысады.

Жалпы, жаңажылдық мерекелер - әр адамға, тіпті денсаулығы мықты жандар үшін сынақ, деп мәлімдеді Мельбурн Университетінің ғалымдары. Олар адамдардың күтініп, алкогольді ішімдіктерді және майлы тағамдарды шамадан тыс пайдаланбауға шақыруда. Онымен қоса, Жаңа жыл күндері көптеген дәрігерлер де демалатындығын, соған сәйкес, медициналық көмек дер уақытында көрсетілмеуі мүмкіндігін еске салады. 

Соңғы жаңалықтар