Қаңтар оқиғасына қатысы бар деструктивті ағымның өкілі іздеуде жүр – Ризабек Ожаров

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР арнайы прокурорлар қызметінің басшысы Ризабек Ожаров Мәжілістің жалпы отырысында қаңтар оқиғасына қатысы бар деген күдікпен ұсталған деструктивті діни ағым өкілдері туралы мәлімет берді , деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мәжілістің жалпы отырысында депутат Берік Бекжанов Бас прокурорға қаңтар оқиғасына қатысы бар деструктивті діни ағымдар мен экстремистік ұйымдардың өкілдері туралы сұрақ қойды.

Бұл сұраққа ҚР арнайы прокурорлар қызметінің басшысы Ризабек Ожаров жауап берді.

«Арнайы прокурорлардың қарауындағы қылмыстық істер бойынша деструктивті діни ағымдардың 10 өкілі және тыйым салынған экстремистік ұйымдардың 20 мүшесі күдікті ретінде ұсталды. Деструктивті діни ағымды ұстаушы 9 адам қамауға алынды. Біреуі іздеуде жүр. Біреуіне әкімшілік ғимаратты басып алу, қару ұрлау бойынша айып тағылған. 8 адам жаппай тәртіпсіздікке қатысты деген күдік бар. Ал экстремистік топтарға қатысы бар делінген күдіктілердің 19-ы қамауда жатыр. Біреуі ешқайда кетпеу туралы қолхат жазды. Олар жаппай тәртіпсіздік ісі бойынша өтіп жатыр. Бұл адамдардың басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда», - деді Ризабек Ожаров.


Соңғы жаңалықтар