Қаңтар оқиғасы: Жалған ақпарат тарату фактісі бойынша 11 қылмыстық іс тергеліп жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қаңтар оқиғасына байланысты жалған ақпарат тарату фактісі бойынша 11 қылмыстық іс тергеліп жатыр. ҚР Бас прокуратурасы 1-қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде осындай дерек келтірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінгі күні барлық қылмыстық істер бойынша 733 адам қамауда отыр. Санитарлық норма, тамақтану, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету және басқаларды қоса алғанда оларға тиісті жағдай жасалған. Қылмыстық процесте азаматтардың конституциялық құқықтарын сақтау – прокуратура органдары қызметіндегі басым бағыттардың бірі. Күдіктілерге қандай да бір қысым қолдану фактілеріне жол бермес үшін прокурорлар күнделікті тергеу изоляторы мен басқа да қызметтік ғимараттарды тексеріп жүр», - деген Бас прокуратура өкілі әлеуметтік желіде жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік бар екенін ескертті.

«Қазіргі уақытта осындай фактілер бойынша 11 қылмыстық іс тергелуде», - деді Елдос Қилымжанов.


Соңғы жаңалықтар