Қаңтар оқиғасы кезінде Шымкентте ешкім оқ атуға рұқсат берген жоқ – Мұрат Әйтенов

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Қаңтар оқиғасы кезінде Шымкентте ешкім оқ атуға рұқсат берген жоқ. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде қала әкімі Мұрат Әйтенов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Штабта оқ атуға тапсырма болмаған да, болмайды да. Ал, бірақ бүгінгі күні құқық қорғау қызметкерлерінің өміріне қауіп төніп тұрса, заңға сәйкес өз қаруын қолдануға рұқсаты бар», - деді Мұрат Дүйсенбекұлы.

Сондай-ақ, қала әкімі қаңтар оқиғасындағы видеоның ашық түрде БАҚ арқылы көрсетілгендігін жеткізді.

«Қолына темір терсек ұстаған азаматтар полицияны ұрып жатқаны жайында видеода да бар. Біз оны ашық түрде жергілікті БАҚ-та көрсеттік. Шымкент қаласында ұсталған тәртіп бұзушылыларға түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Айыбы дәлелденгендерге сот арқылы шешім шығарылды», - деді ол.

Айта кетейік, кеше ҚР Бас прокуратурасы 1-қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов Шымкент прокурорлары 35 күдіктінің ісін сотқа бергенін мәлімдеген болатын.



Фото: ortcom.kz



Соңғы жаңалықтар