Қаңтар оқиғасы кезінде қылмыс жасаған 17 азамат бас бостандығынан айырылды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қаңтар оқиғасына байланысты 17 азамат бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасы 1-қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов орталық коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан брифингіде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінгі күні кінәні мойындағанына және залалды өтегеніне байланысты 135 азамат бас бостандығын шектеуге және қоғамдық жұмысқа тартылды. Қаруды ұрлаумен және сақтаумен байланысты ауыр қылмыс жасаған, залалды өтемеген және бұрын сотталған 17 адам бас бостандығынан айырылды», - деген Бас прокуратура өкілі сотталғандардың әрекетінен бірнеше мысал келтірді.

«Алматы қаласының Жетісу аудандық аудандық соты 2021 жылы соттаған және пробациялық бақылаудағы азамат С-ны 4 жылға бас бостандығынан айырды. Ол жаппай тәртіпсіздік кезінде қарақшылық әрекеттер жасап, ірі сомада ұрлық жасаған. Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының үкімімен азамат Н «Анна» қару-жарақ дүкенінен 4 мылтық пен оқ-дәрі ұрлағаны үшін 3 жылға бас бостандығынан айырылды», - деді Елдос Қилымжанов.


Соңғы жаңалықтар