Қаңтар оқиғасы елдегі ахуалды мүлде өзгертті – Қайрат Мәми

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Конституциялық Кеңестің төрағасы Қайрат Мәми Парламенттің бірлескен отырысында конституциялық реформаның қажетілігі туралы пайымын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қаңтар оқиғасы еліміздегі ахуалды мүлде өзгертті. Болашақ тағдырымызды айқындайтын жаңа құндылықтардың қажеттігі туындады. Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев осы үрдістер мен ықтимал қатерлерді ескере отырып, биылғы Жолдауында азаматтық орта мен саяси жүйені өзгертуге бағытталған бірқатар маңызды шараның жаңа пакетін ұсынды. Мемлекет басшысының Жолдауда айтылған бастамалары бүкіл саланы демократияландыруды талап етті. Қойылған мақсаттар конституциянализмді одан әрі нығайтуға бағытталды», - деді Конституциялық Кеңес төрағасы.

Айтуынша, осы аталған фактордың міндеттерге жетуі үшін конституциялық реформа керек болған.

«Заман мен қоғам өзгеріп жатқан уақытта негізгі заңымыз да жаңартуды керек етті. Яғни қолданыстағы Конституцияны өзгерту қажеттілігі туындады», - деді Қайрат Мәми.

Айта кетейік, Парламенттің бүгінгі бірлескен отырысына Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев, Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов, Үкімет басшысы Әлихан Смайылов, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунова, Үкімет мүшелері қатысып жатыр.


Соңғы жаңалықтар