«Канелоның» Головкинмен айқастан бас тартуы карьерасына соққы болуы мүмкін

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Танымал Boxingscene.com сайтының журналисі Трис Диксон Сауль Альварестің Геннадий Головкинге қарсы үшінші жекпе-жек өткізуді қаламайтындығы DAZN стримингтік желісіндегі кәсібіне де, «Канелоның» жеке мансабына да кері әсерін тигізуі мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

«DAZN «Канелоны» қалған әлеуеті күшті қарсыластардың ұзын-сонар тізімін жасауға үгіттейді және олар сәуірде 38 жасқа толатын қазақстандық «қартайып кетпей» тұрып Альваресті Головкинмен үшінші жекпе-жекке шығаруға тырысады.

Екі боксшының алдыңғы екі айқастан кейін бітпеген ісі бар. «Канело» екі рет те төрешілердің сәтті тағайындалуын пайдаланды. Оның бірінші жекпе-жекте тең ойын нәтижесін көрсетіп, ал рематчта жеңіске жеткенін көпшілік сезінді. Дегенмен екеуі де қызықты айқас болды.

Ал «Канелоның» Каллум Смит, Билли Джо Сондерс немесе Риото Мурато-мен айқастарының DAZN инвестициясына тиімділігі төмен болатындығы сөзсіз, бірақ оны Головкинмен жұдырықтасуға ешкім мәжбүрлей алмайды.


Соңғы жаңалықтар