«Канело» Ковалевты жеңгеннен соң Головкинмен жекпе-жек туралы айтты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мексикалық боксшы Сауль Альварес (53-1-2, 36 КО) ресейлік Сергей Ковалевты (34-4-1, 29 КО) жеңген соң Геннадий Головкинмен өтуі мүмкін жекпе-жек туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

«Келіп, маған қолдау білдіргендердің барлығына алғыс айтамын. Жеңіске жетіп, тарихқа атымды жаза алғаныма қуаныштымын. Бәріңізді сабырлы болуға шақырамын, өйткені «Канело» деген ол — кепілдік! Головкинмен жекпе-жек? Мен бұрын да оның маған аса қызық емес екенін айтқанмын, бірақ бизнес жағынан қызық жері бар. Көреміз», - деді Альварес.

«Канело» Ковалевты он бірінші раундта нокаутқа жіберіп, WBO тұжырымы бойынша жартылай ауыр салмақтағы әлем чемпионы белдігін тартып алды. Мұнымен мексикалық боксшы төртінші салмақ санатында әлем чемпионы болып отыр.

Соңғы жаңалықтар