«Канело» Головкин туралы: Ол мықты, қауіпті боксшы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварес баспасөз мәслихаты барысында алдағы жекпе-жегінде қарсылас болатын Қазақстан өкілі Геннадий Головкин туралы пікірін білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

«Ол мықты боксшы, қауіпті боксшы – оған шүбә келтірмеймін. Бірақ жекпе-жектен күтерің бар болса, дәл мен сияқты, онда тәуекелге баруың керек. Мен мұны түсініп отырмын. Алайда қалағаныма қол жеткізгім келсе, тәуекелге баруым қажет», - деді «Канело».

Сондай-ақ осы баспасөз мәслихатында Сауль Альварес Қазақстан боксшысын нокаутқа жіберетінін айтқан еді. Одан екі күн бұрын Головкин де өзін екіжүзді деп санайтын мексикалыққа тілшілер алдында жауап қайтарды.

Еске салайық, Головкин-Альварес үшінші жекпе-жегі биылғы 17 қарашада Лас-Вегас (АҚШ) қаласындағы T-Mobile Arena-да өтеді.

2017 жылы өткен алғашқы айқас тең аяқталды. Рематчта төрешілердің басым дауысымен жеңіс «Канелоға» берілді. Бұл жолы кездесу суперорта салмақта өтеді. Бұл дисциплинада Альварес абсолютті чемпион болып табылады.

Соңғы жаңалықтар