«Канело» Геннадий Головкинмен үшінші айқасына болжам жасады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Төрт салмақ дәрежесіндегі әлем чемпионы және «pound-for-pound» рейтингінің бұрынғы көшбасшысы мексикалық Сауль Альварес 18 қыркүйекте Лас-Вегаста (АҚШ) өтетін қазақстандық Геннадий Головкинмен үшінші айқасы төрешілердің шешіміне жетпейді деп есептейді. Бұл туралы ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

«Бізді жақсы жекпе-жек күтіп тұр. Головкин – керемет және қауіпті қарсылас. Бірақ, мен нокаутқа жіберемін деп ойлаймын, оған еш күмән жоқ. Оған ынтам зор. Рингке оралатын күнді асыға күтіп жүрмін. Бар күшімді салып жаттығып жатырмын. Нокаут – бұл айқастың жалғыз мүмкін нәтижесі», - деді Сауль Альварес журналистермен кездесуде.

Еске салайық, Канело мен Геннадий Головкиннің бірінші айқасы 2017 жылы өтіп, даулы тең нәтижемен аяқталды. Рематч 2018 жылы болды және онда Альварес төрешілердің басым дауысымен жеңіске жетті.


Соңғы жаңалықтар