Қандасымыз қытай кинофестивалінде ең үздік актер атанды - Шетелдегі қазақ тілді БАҚ-қа шолу

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат- «ҚазАқпарат» ХАА әдеттегідей шетелде қазақ тілінде тарайтын ақпарат көздеріне апталық шолуын ұсынады.

Дезинфекциялық туннельдер коронавируспен күресте пайдасыз - «ӨзА» ақпараттық агентті


Әлемдік пандемия кезінде вирустан сақтану мақсатында орнатылған дезинфекциялық туннельдер коронавируспен күресте пайдасыз деп табылып, тіпті оның адам ағзасына кері әсері бар екені айтылған, деп жазады «ӨзА» ақпараттық агентті.

Өзбекстандық БАҚ-тың келтірген дерегіне сүйенсек, қазіргі уақытта дезинфекциялық туннельдер кез-келген мекеме немесе қоғамдық тамақтану орындары, әуежай, теміржол вокзалы, базар, супермаркеттер сынды ғимараттар алдында орнатылған. Ал оның коронавируспен күресте пайдасыз екені айтылып, тіпті адам ағзасына кері әсері бар екені жайлы елдің Денсаулық сақтау министрлігі хабарлап, мектептерде мұндай туннельдер орнатуға тыйым салған.

Республикалық мамандандырылған аллергология ғылыми-практикалық медициналық орталығының директоры, медицина ғылымдарының докторы Илмира Разиқова осындай туннельдердің адам ағзасына тигізетін зиянын зерттеп, оны растаған.

«Бір азамат күні бойы белгілі бір себептермен қайта-қайта осы туннельден өтуге тура келуі мүмкін. Бір қалыпты қолданылатын кез-келген химиялық зат адам ағзасында аллергиялық жағдай туғызады. Ал оның әсері өте қауіпті болуы мүмкін. Ең алдымен бұл жоғарғы тыныс жолдарының қызаруынан бастап жеңіл күюіне дейінгі жағдайларды тудырады. Оның нәтижессінде аллергиялық ринитке, конъюнктивитке, бронхитке және тіпті адамның ауыр ауруына - бронх демікпесіне әкеп соғуы мүмкін. Сондықтан мұндай туннельдерді орнату қажет емес. Оның тиімсіз екенін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы да мұндай пайдалы тарапы дәлелденбегенін айтты, деген сарапшы. Мұның орнына мекеме алдында ішке ену кезінде адамдар бір-бірінен қашықтықты сақтау, температураны өлшеу, қолды адисептикпен тазартуы ұсынылған», деп жазады «ӨзА» ақпараттық агентті.


Қандасымыз «Ең үздік ер адам рөлі» сыйлығын еншіледі - Қытайдың «Орталық халық радиосы» (CNR)

Қытайдың XV Чаңчұн бүкіл мемлкеттік кинофестивалінің жеңімпаздарының есімі жарияланды, деп жазады Қытайдың «Орталық халық радиосы».

Аталған БАҚ-тың дерегінше, кинофестивальге қатысқан «Дәуір ағысында» атты картинада бас рөлді сомдаған Қайрат Ғалымұлы Қытайдың «Ең үздік ер адам рөлі» сыйлығын еншілеген.

«Бұл «Дәуір ағысында» атты фильм Шынжаң ұйғұр автономиялы өлкесі Үгіт бөлімі, Шынжаң ақпарат баспасөз-радио-телевизия мекемесі мен Шынжаң Тянь-Шань киностудиясы бірлесіп түсірген. Фильмде қытай қазақтарының реформа дәуіне сәйкесіп, заманға сай даму өзгерісі, көшпенді тұрмыстан біртіндеп отырақты өмірге бет алуы, жаңа дәуірдегі тұрмыс-тіршілігі бейнеленген», деп жазады Қытайда шығатын БАҚ.


5 мың 200 жылдық керамика олжалар табылды - TRT


Мехмет Кулаз б.з.д 3200-ші жылдарында қолданылған Караз мәдениетіне тиесілі керамика олжаларды тапқан, деп хабарлайды Түркия Радио Телевизия порталы.

Түркиялқы БАҚ-тың келтірген дерегіне сүйенсек, Битлистегі көне Ахлат қала іші қорғанында жүргізілген қазба жұмыстарында Караз мәдениетіне тиесілі анықталған 5 мың 200 жылдық керамика олжалар табылған.

«Ахлат мұражай басқармасы тарапынан Харабешехир өңіріндегі үңгірлердің үстіңгі жағындағы жартастар үстінде салынған ішкі қорғанда басталған қазба жұмыстары жалғасуда. Қазба жұмыстарға басшылық еткен доцент Мехмет Кулаз б.з.д 3200-ші жылдарында қолданылған Караз мәдениетіне тиесілі керамика олжаларды тапқандарын айтты», деп мәлімдейді TRT.

Кер замандағы кедейшілік - Kaznews


Моңғолиялық Kaznews ақпараттық порталында осындай тақырыптағы мақала жарық көрді.

Бұл жазбада автор моңғол елінің қазіргі экономикалық жағдайы туралы өз ойын айтады.

«Қазіргі таңда мемлекеттік жұмысшылардың көпшілігі, малшылардың көпшілігі кедей адамның қатарына кіреді. Жалпы моңғол елінде 3 млн жарым адам бар делік. Осының бір миллионы кедей. Жұмыссызы да кедей, малшысы да кедей, үкіметтік қызметкері де кедей. Жұмыссыз адамның кедей болатыны түсінікті, ал, үкіметтік қызметкерлерге не жоқ деп таңғалуыңыз мүмкін», деп бастайды сөзін мақала авторы.

Авторы өз еліндегі қазіргі экономикалық жағдайдың тұрақсыздығы туралы айта келіп, жұмыссыздықты, кедейшілікті жоюдың ең дұрыс жолы – шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту деп есептелетінін айтады.

«...Ұлан-байтақ моңғолдың кең даласында небәрі 3 млн халық кедейшілікте өмір сүргеніне ішің күйеді. «Кең далаға симай жүргеніміз жоқ, сиыса алмай жүрміз ғой» демекші жер байлығын игере алмайынша, халық көзін ашып, ұйқыдан оянбайынша кедейшілік ешқашан жойылмайды», деп түйіндейді автор.



Соңғы жаңалықтар