Қанат Таймерденов Ішкі істер министрлігінің орталық аппаратына қызметке ауысты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ішкі істер министрлігі Қанат Таймерденовтің басқа қызметке ауысқанын растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қанат Таймерденов Ішкі істер министрлігінің Орталық аппаратына лауазымды қызметке ауыстырылып жатыр», - деп нақтылады аталған ведомствоның баспасөз қызметі ҚазАқпаратқа берген мәліметінде.

Айта кетейік, бүгін бұқаралық ақпарат құралдарында Қ. Таймерденов Алматы қалалық полиция департаментінің бастығы қызметінен босатылғаны жөнінде ақпарат тараған болатын.

Ол 2020 жылдың қаңтар айында аталған департаменттің бастығы болып тағайындалған еді.

Қанат Даниярұлы Таймерденов Алматы облысы Жамбыл ауданы Үңгіртас ауылында 1974 жылы 7 қарашада дүниеге келген.

Мектеп бітіргеннен кейін Талдықорған қаласында орналасқан заң техникумына оқуға түсті, оны 1994 жылы аяқтады. 2004 жылы ҚР ІІМ Академиясын магистр дәрежесімен тәмамдады.

30.06.1994 - 05.01.1995 Қаскелең қалалық әкімшілігінің полицияға көмек көрсету тобының мүшесі;

05.01.1995 - 25.12.1995 Алматы облысы Қаскелең ауданы ОУР ІІБ 2-ші бөлімнің жедел уәкілі;

18.09.2009 - 12.10.2012 Алматы қалалық Ішкі істер департаменті Жетісу аудандық Ішкі істер басқармасының басшысы;

12.10.2012 - 22.12.2017 Алматы қалалық Ішкі істер департаменті басшысының орынбасары;

22.12.2017 - 08.11.2018 Маңғыстау облысы ІІД басшысы;

08.11.2018 - 29.01.2020 Маңғыстау облысы Полиция департаментінің басшысы.

Соңғы жаңалықтар