Қанат Ислам жастарды Almaty Urban Fest-ке қатысуға шақырды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алдағы демалыс күндері, 7-8 қыркүйекте «Almaty Arena» спорт кешенінде қалалық Almaty Urban Fest спорт фестивалі өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Алматы әкімдігінің баспасөз орталығында өткен брифингте Спорт басқармасының басшысы Рүстем Байсейітов аталған шараның «Qazaqstan Jastar Fest» республикалық челлендж аясында өтетінін хабарлады.
«Алматы челленджді Нұр – Сұлтаннан қабылдады. Біз өзімізден кейін оны Қазақстанның батысындағы қалалардың біріне тапсырамыз»,- деді Рүстем Байсейітов.
Баспасөз мәслихатына қатысқан танымал кәсіби боксшы Қанат Ислам жастарды белсенділікке, салауатты өмір салтын қалыптастыруға шақырды.
«Біз қашанда жастарға қолдау көрсетеміз және көше спорты түрлерін дамытуға ықпал етеміз»,- деп атап өтті Қанат Ислам.
Almaty Urban Fest 7 қыркүйек таңғы сағат 10-00-де басталады. Спорттың мына түрлері бойынша іріктеу жарыстары өтеді: - Streetball 3х3 (жігіттер 2007-2004, жігіттер 2003-2001, жігіттер 2000-1996, қыздар 2және бұдан жоғары) - Workout (freestyle және base wars) - Armwrestling ( ерлер: 60, 70, 80, 90, 90+ қоссайыс, оң және сол қолдар бойынша жеке абсолютті салмақ категориясы бойынша. Әйелдер: абсолюті салмақ категориясы)
- Кәсібилер арасында роликтер (агрессив инлайн) - Әуесқойлар мен кәсібилер арасында самокаттан жарыс (кик скутер) - Әуесқойлар мен кәсібилер арасында скейтбордтан жарыс - Әуесқойлар мен кәсібилер арасында ВМХ. - BMX Freestyle Show - Dance Battle All Styles 1х1 (Hip hop, Waacking, Dancehall, Breaking, House, Popping, Locking, Vogue)
8 қыркүйек күні супер финал өтеді. Басталуы: күндізгі сағат 12:00 Аяқталуы - 19:00. Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі - 19:30.
Фестиваль кезінде мына спорт түрлері бойынша белсенділік танытуға болады:
- WKF Карате бойынша жаттығулар және көрсетілімдер; - Graffiti и Street art от Repas Workshop; - Қалалық тақырыптық квест; - Karaoke-Battle; - Арт-инсталляция, спорттық және шығармашылық шеберлік сабақтары; - Балалар белсенділігі.



Соңғы жаңалықтар