Қанат Ислам биылғы қазанда рингке оралады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биылғы 16 қазан күні АҚШ-тың Флорида штаты Плант-Сити қаласында Nelsons Promotion компаниясының кәсіпқой бокс кеші өтеді. Онда рингке Қазақстаннан қос спортшы шығатыны жоспарланған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі «Қазақстанның кәсіпқой боксы» парақшасында мәлім етілгендей, кеш барысында профидегі алғашқы айқасын отандық спортшы Дархан Жұмсақбаев өткізеді. Жартылай жеңіл салмақтағы жекпе-жектегі оның қарсыласы 31 жастағы никарагуалық Осмель Майорга (2-0, 1КО) болмақ. Кездесу 6 раундқа есептелген.



Сондай-ақ аталмыш турнирге Қанат Ислам (27-0, 21КО) қатысатыны хабарлануда. Оның оппонентінің есімі әзірге жарияланған жоқ. Қ.Ислам соңғы айқасын былтыр, 26 қазан күні Алматыда өткізген еді. Ол Намибия өкілі Уолтер Каутондокваны (18-2, 17КО) төрешілердің бірауызды шешімімен жеңді.

Соңғы жаңалықтар