Канададағы бокс кешінде үш қазақстандық рингке шығады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шавиниганда (Канада) 16 маусымда үш қазақстандық қатысатын бокс шоуы өтеді, деп хабарлайды Sports.kz.

Атап айтқанда, рингке Абылайхан Хұсаинов (8-0, 5 КО), Нұрзат Сабиров (5-0, 5 КО) және Садриддин Ахмедов (1-0, 1 КО) шығады. Бірақ олардың қарсыластарының кім екендіктері әзірге жарияланған жоқ.

Алдында  Хусаиновтың бокс кешінің бірінде өзге қазақстандық - Батыр Жүкембаевпен (12-0, 10 КО) 26 мамырда Квебекте (Канада) рингке шығуы күтілген еді. Бірақ таңдау маусымдағы жекпе-жекке ауысты.

Абылайхан өзінің соңғы айқасын 31 наурызда өткізді. Ол төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен мексикалық боксшы Хильберто Месуды (8-4-1, 5 КО)  жеңді.

Сабиров  7 сәуірде чех Станислав  Эшнермен (8-9-1, 5 КО) айқасқан.  Алты раундтық жекпе-жек төртінші раундта Нұрзаттың жеңісімен аяқталды (техникалық  нокаут).

Сол кеште Ахметов профи-рингте  жасындай жарқылдап  небәрі 31 секундта мексикалық Тони Тони Баррерасаны (1-2, 1 КО) сұлатып салды.

Соңғы жаңалықтар