Канадада ұшақ апатқа ұшырады

None
None
ОТТАВА. ҚазАқпарат - Канаданың Альберт провинциясында шағын ұшақтың құлауы салдарынан үш адам мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат CTV телеарнасына сілтеме жасап.

Келеңсіз жағдай Эдмонтон қаласының халықаралық әуежайынан 22 шақырым жерде болған. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар мен полиция қызметкерлері қаза тапқан үш адамның денесін тапты.

Аталған әуе апатына байланысты тергеу басталды.


Соңғы жаңалықтар