Канадада үндістер теміржол қатынасын тоқтатты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Канададағы барлық теміржол жолаушылар тасымалы белгісіз мерзімге дейін тоқтатылды. Оған байырғы халықтардың қарсылық шарасы себеп болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат VIA Rail Канада жолаушылар пойызы операторына сілтеме жасап.

Торонто мен Оттава, сонымен қатар Монреал арасындағы теміржол қатынасына өткен бейсенбіден бері тиендинага-могавк үндіс халқының өкілдері кедергі келтіріп жатыр. Осы арқылы олар Британдық Колумбия провинциясындағы жерлерінде құбыржол салынуына қарсы шығып жатқан ветсуветен тайпасына қолдау көрсеткен.

Онтарио провинциясы Бельвиль қаласындағы теміржол маңына лагерь құрған үндіс тайпалары елдің батысы мен шығысын байланыстыратын жалғыз теміржол қатынасын тоқтатып тастады. CN теміржол компаниясының вагондарды орналастыратын бос орны болмағандықтан Торонтодан шығысқа жүретін барлық пойыздардың қозғалысы тоқтатылды. Келеңсіз оқиға экономикаға үлкен шығын әкелуі мүмкін. Өйткені, компанияның мәліметі бойынша, CN жыл сайын 250 млрд доллардан аса тауар тасымалдайды.


Соңғы жаңалықтар