Канадада тәулік ішінде коронавирус жұқтырудың жаңа рекорды тіркелді
Коронавирус жұқтырудың ең көп саны Квебек провинциясында тіркелді. Онда бір тәулікте 590 жаңа оқиға анықталған. Коронавирусқа шалдыққандардың жалпы саны - 3430 адам. Екінші және үшінші орында – Онтарио провинциясы (1706 оқиға) және Британдық Колумбия (960 оқиға). Британдық Колумбияда ауру жұқтырған адамдардың 48 пайызы сауықты. Онтариода 400 адам жазылып шықты.
Канадада коронавирус жұқтырудың бірде-бір оқиғасы тіркелмеген жер – Нунавут арктикалық аумағы.
12 наурызда әлемдік БАҚ коронавирустың Канада премьер-министрі Джастин Трюдоның зайыбынан анықталғанын хабарлаған. Лондоннан оралған одан тест алынып, індеттің бар екенін көрсетті. Премьер-министрдің өзі және үш баласынан вирус белгілері анықталмаған еді. Өткен демалыс күндері Софи Трюдоның толық жазылып, өзін жақсы сезінгені туралы жарияланды.
Канадада коронавирусқа шалдығудың бірінші оқиғасы 15 қаңтарда тіркелген. Індеттен көз жұмғандар саны - 89 адам.