Канадада карантин режимін бұзған адамға $3,5 мың айыппұл салынады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Канада карантин режимін бұзғаны үшін салынатын қаржылық жазаны қатаңдатты, деп хабарлайды Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.

Ел астанасы Торонтода әлеуметтік ара қашықтықты бұзғаны үшін айыппұл салынады. Коронавируспен күрес жағдайында қоғамдық орындарда бір-бірімен екі метр қашықтықты сақтамағандар $3,5 мыңнан астам айыппұл төлейді.

2 сәуірдегі жағдай бойынша Канадада коронавирусты жұқтырғандар саны 11,2 мыңнан асты, өлім-жітім ‒ 138.


Соңғы жаңалықтар